Қаланың басты көрнект орындарының бірі Абай Құнанбаевтың музей қорығы болып саналады. Тұрғындардың айтуынша, Семейге келіп тұрып, Абай музейіне бармай кету мүмкін емес. Сондықтан «Мәңгілік ел» пойызы делегатының алғашқы орны аталмыш музей болды.
Делегаттар одан әрі ХҚКО-лардағы халықпен кездесіп, министрлік пен заңгерлер тұсіндіру жұмыстарын өткізді. Ал медицина қызметкерлері қалалық ауруханада кеңестер өткізді.
Қала кәсіпорындарында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгро» холдингінің өкілдері қазақстандық киіз-байпақтың жасалуымен танысты.
Серпінді жобалар қатарына енгізілген жобалардың бірі – киіз-байпақ өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Бұл кәсіпорын тек киіз-байпақ өнімдерін ғана шығармай, оны авиацияда қолдану мақсатында жаңа өнім түрлерін шығармақ. «Роза» киіз-байпақ» серіктестігі алдағы уақытта жаңа өнім түрлерін шығаруды қолға алмақ.
«2015 жылы біз автоматтандырылған үнді қондырғысын сатып алдық. Ол байпақты 150-200 келіге дейін шығаруға мүмкіндік берді. Осы жылдан бастап заманауи байпақтар шығарып жатырмыз», - деді комбинат құрушы Хариз Сайфутдинов.
Барлық министрліктердің 100-ге тарта маманы тұрғындарды қабылдап, кеңес бермек. Денсаулық сақтау саласынан 30-дан астам өкіл бар. Кешкісін қалалық мәдениет үйінде гала концерт өтпек. Естеріңзге сала кетсек, «Мәңгілік ел» пойызы Қазақстан бойынша сапарын 15-ақпанда бастады.
Акцияға қатысушылар 34 елді-мекенде болады деп жоспарланған. Пойыз 74 станса арқылы өтпек. Семей – пойыз тоқтаған сегізінші аялдама. Келесі бағыт- Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалалары. Одан кейін Қостанай облысы мен батыс өңірлерге бармақ. Пойыз 18-наурыз күні Алматыда соңғы бекетке аядайтын болады.