Басқару

Е.Сағынаев: 2017 жылдан бастап Қазақстанның барлық азаматы шетелдегі кез келген мүлкін декларациялауға міндетті болады

2017 жылдан бастап Қазақстанның барлық азаматы шетелдегі кез келген мүлкін декларациялауға міндетті болады. Яғни, өзге елде шотқа салып қойған ақшасын немесе сатып алған үйін декларацияда көрсетпеген азаматтарға 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма жетекшісінің орынбасары Ерлан Сағынаев хабарлады.
Астана қаласы22 Ақпан , 17:31

«2017 жылдан бастап Қазақстанның барлық азаматы шетелдегі кез келген мүлікті – ақша, жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардағы үлесті декларациялауға міндетті болады. Осындай мүлікті декларацияламаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ең алдымен, шамамен 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде тағы бір факті анықталса, айыппұл мөлшері 500 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Осындай жауапкершілік іс-шаралары қарастырылған», - дейді Е.Сағынаев.
Сондай-ақ, ол жекешелендіруге кімдердің құжат өткізе алатын атап өтті. 
«Егер, азаматтың өмір сүру үшін тапқан табысы қылмыстық жолмен емес заңға сәйкес болса, әрине ол адамға жекешелендірудің қажеті жоқ. Жекешелендіру тек бір дүниелерді жасырып қалуға негіз болатын жағдайларда және салық төлеуден жалтаратындай дерек болса, сондай азаматтарға керек»,-деді мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма жетекшісінің орынбасары. 




Яндекс.Метрика