EXPO-2017

ЭКСПО-2017 Прагада халықаралық туристік көрме аясында таныстырылды

2016 жылдың 18-21 ақпан аралығында Прагадағы елшілік Чех Республикасының ресми қолдауымен «HolidayWorld» туристік көрмесінің 25 жылдық мерейтойына қатысты, деп хабарлады СІМ.
Әлемде22 Ақпан , 18:54

Чехиялық жұртшылық пен Прага қонақтары үшін елшілік таныстырылымдық материалдарымен таныстырды, ол Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты болып отыр.

Көрме аясында туристік бизнес өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнатылды. Ірі туроператорлар мен қонақ үйлер чехиялық және шетелдік кәсіпорындарды Қазақстанға тарта алуға жағдай жасалды.

Айта кетерлігі, «HolidayWorld» халықаралық туристік көрме бизнесмендер мен қоғамды тартуда ерекше рөл атқарады. Аталмыш көрме тиімді келіссөздер мен келісім шарттар орнатуға таптырмас мүмкіндік алаңы. Осы жылы «HolidayWorld 2016» көрмесі «RegionWorld» көрмесімен қатар өтті.




Яндекс.Метрика