Басқару

Қ.Мәми: ҚР Жоғары сотының жанындағы Халықаралық Кеңес заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны бере алады

ҚР Жоғары сотының жанындағы Халықаралық Кеңес белгілі бір заңға сәйкес заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны бере алады, деп ҚР Жоғары сотының төрағасы Қайрат Мәми кеңестің алғашқы отырысының барысында айтты.
Астана қаласы22 Ақпан , 16:29

«Мен «Аралық соттар туралы» заңның жағдайына назар аударғым келеді. Мәжілісте ұзақ талқылауда болды және көптеген ескертулер талқыланды. Заң лайықты көрініс алды, бірақ Мәжіліс таратылғаннан кейін сенатқа көшті. Енді барлығы қайтадан өзінің бастапқы күйіне оралды және халықаралық төрелік заңға қайшы болып табылады. Жаңа Халықаралық төрелік орталығын құру болғандықтан, мен Жоғары сотқа шағымданғым келеді, яғни олар Қазақстандағы аралық соттардың жойылуын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасасын дегім келеді»,-деді Каспий қоғамдық университеті Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры Майдан Сулейменов.

Сонымен қатар, ҚР Жоғары сотының төрағасы К.Мами Кеңес заң бойынша сараптамалық қорытындыны бере алады деп айтып өтті.

«Мемлекеттік соттар үшін даулардың аз болғаны жақсы. Осы бағытты ұстанатын боламыз. Басқарма рөліне қатысты, Жоғары соттың төрағасы ретінде өз ойымды Сенатқа жеткіземін. Мен белгілі бір заңға сәйкес біздің кеңес, бәлкім сараптамалық қорытындыны бере алады деп сенемін. Мүмкін,  аталмыш заң бойынша, егер сіздер қабылдауға кіріссеңіздер, өз бастамамызды бере аламыз»,-деді Қ. Мәми.

Анар Тәңірқұлоова




Яндекс.Метрика