Халықаралық интеграция

Е.Слобода: ТМД атынан Қазақстандағы сайлауда 300 адам бақылаушы болады

Эксклюзив
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы атынан Қазақстандағы сайлауда 300 адам бақылаушы болады. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ТМД миссиясының штаб жетекшісі Евгений Слобода.
Астана қаласы 23 Ақпан, 08:56

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қатысушыларына хат жолдаған болатынбыз. Бізге кандидаттар туралы ақпарат келіп жатыр. Миссия маңызды болмақ,бақылаушы 300 адамнан құралады. Оның ішінде Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан бар. Сайлау кезінде барлық бақылаушылар өңірлерді қамтиды. Миссия штабы осы жылдың 26 ақпанында өз жұмысын бастайды", - деді Е.Слобода.

ТМД атынан миссия штабының жетекшісінің айтуынша, олар интернет арқылы Орталық сайлау комиссиясының тәртіптеріне ие болып жатыр, дайындық заң бойынша жүзеге асуда.

Айта кетейік, ТМД Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Түрікменстан, Өзбекстан мен Украинаны біріктіріп отыр.

Ботагөз Айтжанова

Фото:cis.minsk.by





Яндекс.Метрика