Өңірлер

Е.Сағынаев: Қазақстандағы жалпы заңдастырылған қаржы 205 млрд. теңгені құрады

2014 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанда заңдастырылған қаржы көлемі 205 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы22 Ақпан , 16:14

«Бүгінгі таңда Қазақстанда заңдастырылған жалпы қаржы көлемі 205 млрд. теңгені құрады. 2015-ші жылдың 1-ші желтоқсанына дейін инвестицияланған ақша туралы айтар болсақ, біз ол қаржылардың қайда инвестицияланғанын бақыладық. 2015-ші жылдың 1-ші желтоқсанына дейін экономикаға инвестицияланған қаржы көлемі 42 млрд. теңгені құрады.  Бұл екінші деңгейлі банктертердің облигациясын инвестициялауға жұмсалған»,-деді ол.

Оның айтуынша, заңдастырылған қаржылар мемлекеттік нысандарға жұмсалуы мүмкін.

«Қаржысы заңдастырылған тұлғалар енді өз ақшаларын ешқандай шектеусіз, қалаулары бойынша жұмсай алады. Бұл мәселеде біз қадағалау жасамаймыз. Заңдастыру жасаған субъектілердің жекешелендіру бағдарламасын қолдануларына құқық берілетінін айтқымыз келеді. Заңдастырылған қаржылар басқа да мемлекеттік нысандарға жұмсалуы мүмкін»,- деп хабарлады Е.Сағынаев.




Дерекнама

Яндекс.Метрика