Басқару

Астанада ҚР Жоғары сотының жанында Халықаралық Кеңестің бірінші отырысы өтуде

Астанада ҚР Жоғары Сотының басшысы Қайрат Мамидің қатысуымен ҚР Жоғары сотының жанында Халықаралық Кеңестің бірінші отырысы өтуде. Күн тәртібінде - инвестициялық дауларды анықтау үшін тәсілдерді талқылау, сондай-ақ ҚР төрешілерінің мінез-құлық принциптері және ережелерінің Этика кодексінің жаңа жобалары қарастырылды.
Астана қаласы22 Ақпан , 15:58

«Қазақстанның сот жүйесінде әділетті үздік халықаралық стандарттарды жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде көбіне инвестициялық және коммерциялық даулардың саласында жаңа тапсырмалар тұр. Біз үшін, тәуелсіздік, бейтараптық және заңдылық принциптерінің негізінде сот төрелігінің  қоғамдағы тұрақтылығының сенімді кепілі тиімді болып табылады, сондай-ақ заңның үстемдігі», -деді К. Мами.

Сонымен бірге, Соғары соттың жетекшісі өткен жылы республикалық сот жүйесіндегі жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадамында» белгіленген міндеттерді іске асырумен өткендігін айтты.  

«Бұл бағытта үлкен көлемді жұмыстар жасалды. Жалпы соттың барлық жаңашылдықтары Ұлт жоспарында салынды және 2016 жылдың басынан бастап іске қосылды, онымен қоса айтарлықтай ұлттық сот жүйесі жаңартылды. Елімізде үш деңгейлі сот жүйесі құрылды. Бұл модель сот жүйесінің қазіргі заманғы стандарттарына толық сәйкес келеді, және соттарда істерді қараудың уақытын азайтады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әділет академиясы Жоғарғы Сотының жанында жұмыс істейтін болады. Бұл ЭЫДҰ стандартына сәйкес келеді»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, 2015 жылдың 15 қаңтарында Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмінде Халықаралық кеңестің ұстанымы және оның құрамы мақұлданды. Кеңес әділетті ұлттық жүйесін жетілдіру бойынша сараптамалық кеңес береді. Сондай-ақ, белгілі қазақстандық ғалымдармен қатар оның құрамына беделді халықаралық заңгерлер кіреді.

Анар Тәңірқұүлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика