Білім беру

Астанада орта мектеп оқушыларының уәждемелік дайындығын жетілдіру бойынша семинар өткізілді

Астаналық №43 орта мектебінде Астаналық орта мектеп оқушыларының уәждемелік дайындығын жетілдіру бойынша семинар өткізілді.
Астана қаласы 22 Ақпан, 19:41

«Аталмыш семинар уәждемелік дайындыққа бағыттайды. Біздің міндетіміз оқушыларды болашақта кім болғысы келетініне бағыт беру, және олар болашақтарын анықтаса да, оларға мектепте, институт пен өмірлерінде қажет болатын керекті құралдарды береміз. Бұл қарым-қатынастағы шешендік өнер, тұсаукесерлер, коммуникативтік дағдылардың  құралы болып табылады, яғни балаларға өздерін дамытып, өз уақыттарын дұрыс жоспарлауын үйреткіміз келеді»,-деді Астаналық азаматтар Одағының мүшесі Александр Спирин.

А. Спириннің хабарлауынша, балаларға орта білім кезінде кедергілерді еңсеруге көмектесе алатын семинар жұмыстары қаланың басқа да мектептерінде өткізіледі. Осылайша, бизнесмен өзінің тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларды дұрыс мамандық таңдауға көмегін беретін қазіргі заманғы әдістерге үйретті.

Осылайша, семинарда айтылған материалдар балаларға өз ісінің таңдауын анықтатып қана қоймай, мықты тұлғаның құрылуына талпыныс жасайды.

Сонымен қатар, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерімен семинар өткізілді. Ол жерде мектептерде дене тәрбиесі қызметкерлерінің жұмысын жақсарту үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру мәселелері талқыланды.

«Мектеп бағдарламасы ұзақ сыналды, алайда денсаулық саласындағы мәселелерді алдын-ала болдырмау үшін өз түзетуімізді енгізе аламыз»,-деді Ринат Абитов.

Жаттықтырушы оқытушылар мен оқушыларға мүсінді сымбатты ұстау және жалпы денсаулық бойынша негізгі міндеттерді айтты.

Айта кетейік, шараны ұйымдастырушшылар «Қазақстан-2050» Жалпы ұлттық қозғалысының қолдауымен Астана қаласының Азаматтық кеңесі болды.

Индира Қауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика