Басқару

В.Фоос: Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңнамасының бұзылғаны туралы өтініш келіп түскен жоқ

Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңнамасының бұзылғаны туралы өтініш келіп түскен жоқ , деді Орталық сайлау комиссиясында кандидаттардың, саяси партиялардың және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы брифингте ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В.К. Фоос.
Астана қаласы22 Ақпан , 15:31

В.К. Фоос атап өткендей, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 49-бабына сәйкес сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер сайлау туралы заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер сайлау туралы заңда заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.

“Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмысын сайлау процесi кезiнде, оның iшiнде демалыс күндерi және сайлау өтетiн күнi, шағымдарды қабылдау мен қарауды сайлау туралы заңда белгiленген мерзiмде қамтамасыз ететіндей етiп ұйымдастырады. Сондай-ақ ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В.К. Фоос БАҚ өкілдерін 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 22 ақпанға дейінгі кезеңде Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардың 44 өтініші келіп түскені туралы ақпараттандырды”, - деді В.Фоос.

Олардың 19-ы (42 %) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланысты (4-еуі – қоғамдық бірлестіктерден, 11-і – жеке тұлғалардан, 3-еуі – БАҚ-тан, 1-еуі – облыстық сайлау комиссиясынан) болды. Соның ішінде 10 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша, тағы 9-ы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсынуға, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттарға байланысты сайлау рәсімдеріне қатысты және т.с.с.

ҚР ОСК-ге келіп түскен 25 (57 %) өтініш Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанына байланысты. Олардың ішінде 17-сі сайлау заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша, қалғандары рәсімдік сәттерге, сайлау комиссияларының жұмысына, кандидаттар туралы ақпаратқа және т.с.с. қатысты.

Өтініш иелеріне уақтылы  жауап қайтарылды. Тоғыз өтініш тиісті органдарға қарау үшін жіберілді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика