Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Жанұзақов: Ұлт жоспары аясында 414 жобаның сметалық құнын айқындау жаңа тәсілмен жасалды

Елімізде құрылыстың сметалық құнын айқындаудың жаңа ресурстық тәсілі бойынша 414 жоба жасалды. Бұл туралы «КазНИИСА» АҚ құрылыстағы баға қалыптастыру орталығының директоры Бауыржан Жанұзақов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы22 Ақпан , 15:49

Бауыржан Жанұзақовтың айтуынша, аталған жобалардың ішінде  287-і оң эксперттік қорытындыға ие болған. Ал, қалған 127 жоба қаралу үстінде.  Айта кетерлігі, еліміздегі мемлекеттік кәсіпорындардың барлығы құрылыстағы сметалық құнды айқындаудың жаңа тәсілі бойынша жұмыс істеуі шарт.

«Ресурстық тәсілмен айқындалатын кез келген құжат тек қана мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын нысандар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты болып табылады. Яғни, барлық ұлттық компанияларға соның ішінде жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі бар мұнайгаз секторының компаниялары  да құрылыстар барысын жаңа тәсілді пайдалана отырып есептеулері керек», - деді Орталық директоры.

Оның айтуынша, қазіргі күні құрылыс саласын ресурстық тәлісге көшіру үшін арнайы курстар ұйымдастырылған. Ол курстарда жобалау ұйымдарының 1190 маманы оқып, аттестациядан өтті. Сонымен бірге, 5 113 пайдаланушы электрондық қолтаңбалар арқылы ресурс тық тәсілдің сметалық бағдарламаларының есептік нұсқасын көшіріп алған.

Айта кетейік, құрылыстағы сметалық құнды айқындаудың ресурстық тәсәліне Қазақстан 2015 жылдың шілдесінен бастап көшіп келеді. Бұған дейін құрылыстағы баға базалық-индекстік тәсілмен 2001 жылғы бағалар деңгейінде айқындалып келген еді. Еске сала кетейік, құрылыстағы ресурстық тәсілмен сметалық құнды айқындау экономикалық дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48-і қадамын жүзеге асыру барысында енгізіліп отыр. 

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика