Өңірлер

С.Хайруллина: Жаңа депутаттардың белсенді жұмысы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне ықпал етеді

Жаңа депутаттардың белсенді жұмысы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне ықпал етеді, деді Strategy2050.kz. АА берге сұхбатында Петропавл қаласының Әл-Фараби мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Саяш Хайруллина.
Солтүстік Қазақстан 22 Ақпан, 15:18

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы да жақындап қалды,25 жылдың ішінде көптеген өзгерістер болып жатыр,соның бірі осы  кезектен тыс мәжіліс  сайлауы.Алдағы болып жатқан өзгерістерден тек жақсылық күтетін халықпыз.Осы 5 шақырылым депутаттары өздерінің аяқтай алмай қалған идеяларын кезектен тыс  сайлауға қатысатын халық қалауларына абыроймен,жақсы ниетпен береді деген сенімдеміз.Елбасымыздың  тың идеяларын құлшына,жаңа қарқынмен,жаңа көзқараспен істі бастай алатын азаматттар мен азаматшалар болса,құба-құп.Мен жаһанда,елімізде болып жатқан қиындықтарға қарамай осы кезектен тыс болайын деп жатқан сайлауды қолдаймын. Сайлау кімнің мықты екенін көрсететін нағыз саяси науқан ғой.Сайлауға қатысатын азаматтар мен азаматшалардың арман-ойлары қара халықтың арманымен сәйкес келіп,соны жүзеге асыру үшін тер төксе, Қазақстан 30 алдыңғы елдің қатарына кіреміз деп үміттенеміз!», - деді С.Хайруллина.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылымын мерзімінен бұрын тоқтатып, жаңадан Парламент сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы туралы ұсыныс тасталған еді. Мемлекет басшысының 20 қаңтардағы Жарлығыбойынша мерзімінен бұрын ҚР Парламент Мәжілісі мен кезекті мәслихат сайлауларынбиылғы жылдың 20 наурызында өткізу туралы шешімі қабылданған болатын.

Анар Тәңірқұлова

 

 





Яндекс.Метрика