Мәдениетті жаңғырту

Астанада атақты аспапшылар – виолончельшілердің қатысуымен қойылым өтеді

Атақты аспапшылар – виолончельші Ермек Кұрманаев, дарынды пианиношы Арман Тілеубергенов және белгілі тенор, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Мейір Бәйнешов 25 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залының сахнасында өнер көрсетеді.
Астана қаласы 22 Ақпан, 20:42

Көпшіліктің назарына классикалық әлемдік музыкалық жауһарлардың ерекше үйлесіміндегі танымал қазақ және неаполитандық әндер ұсынылады.

Кешті халықаралық байқаулардың лауреаттары, ерекше дарынды әрі музыканы терең ұғынатын өнерпаздар Ермек Құрманаев және Арман Тілеубергенов ашады. Орындаушылар XIX ғасырдың ең атақты композиторларының бірі -  Сезар Франктың Ля мажор сонатасын паш етеді.

Концерт қызық әрі қарқынды болады деп күтілуде, неге десеңіз, аспапшылар үнемі эксперимент жасау арқылы үйреншікті шеберліктерін түрлендіруде. Әртүрлі стильді көрсету, елордалық көрерменді қызықтыру - олардың алдарына қойған негізгі міндеті.

«Академизм - қатаң дәстүрлі классиканың көрінісі, бүгінгі таңда ол көрерменді ғана емес, әртістердің өздерін де қызықтыра алмайды. Әрдайым жаңа әрі қызық дүниені байқап көргіміз келеді. Бағдарламамызда ұсынылатын формат, біздің ойымызша, ерекше бағдарлама болмақшы. Оның үстіне, осындай жаңалықтар заманауи классикалық сахнаның негізгі сипатына айналады деп ойлаймын. Аспаптық музыка көптеген көрермен үшін түсінгенге айтарлықтай күрделі; вокалдық музыка адамдарға бұрыннан жақын», - деп көрнекті пианиношы, саусағынан бал тамған дарын иесі Арман Тілеубергенов атап өтті.





Яндекс.Метрика