Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Әскери техниканы жөндеу бойынша қазақстандық зауыт халықаралық нарыққа шығуда (ФОТО)

2016 жылы қазақстандық «Семей инжиниринг» АҚ зауыты халықаралық нарыққа шығуды жоспарлауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 22 Ақпан, 18:23

Отандық кәсіпорынның бұл бағыттағы  жоспарына Т-72 танктерін, ЖӘЖМ-1 жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен стандартты және жаңғыртылған БТР-70 бронетранспортерларын іске асыру кіреді.  

Зауыттың халықаралық нарыққа шығуы дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен бірге кәсіпорын ҚР Қарулы Күштері үшін жаңа тапсырысты іске асыруға әзір.  Бүгінгі күні мүлік жеткізушілермен келіссөздер өткізілді және ресейлік «Оралвагонзауыт» ҰӨК және украиналық «Украрнайыэкспорт» ААҚ-пен келісімшарт жасалды, сондай-ақ «140-шы жөндеу зауыты АҚ-пен (Белоруссия) және «Қазимпекс» ЖШС-мен шарт жасасу бойынша келіссөздер өткізілуде.   

Жақын арада 2016 жылға арналған ҚР ҚК мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде кәсіпорынмен алдағы өндірістік және технологиялық процесті игеру және өндірістік жоспарды нақтылау жөнінде жұмыс жүргізіледі.

Бүгінде «Семей инжиниринг» «Қазақстан инжиниринг» АҚ-тың еншілес кәсіпорны броньды танкті техниканы күрделі жөндеуден өткізетін және конверсиялық техниканы дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір зауыт болып табылатынын айта кеткен жөн. Оның қызметінің негізгі түрлері жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын, бронетранспортерларды күрделі, орташа және регламенттік жөндеу, танктерді, жауынгерлік барлау-десанттық машинаны, шағын жеңіл құрышталған тартқышты  жөндеу болып табылады.  Кәсіпорын сонымен қатар Т-72 танктерін жаңғырту, әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы күрделі жөндеу және дайындаумен айналысады.

Бүгінгі күні зауытта 600-дей адам жұмыс жасайды.

 





Яндекс.Метрика