Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Құқық қорғау органдары академиясы мен Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов пен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің ресми кездесуі өтті, деп хабарлады Бас прокуратура.
Астана қаласы 22 Ақпан, 16:52

Ұ.Байжанов атап көрсеткендей, Құқық қорғау органдарының академиясын құру күш құрылымдарының кадрларын, оның ішінде президенттік резервті сапалы даярлау қажеттілігінен туындады. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабпен меморандумға қол қою бұл бағыттағы жемісті ынтымақтастықтың бастамасы болады.

Ә.Бәйменов алда тұрған ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келіп, күш-жігерді біріктіру құқық қорғау жүйесі өкілдерін кәсіби даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге, сонымен қатар кешенді ғылыми қызметті жүргізуге көмектесетініне сенім білдірді.

Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуға және құқық қорғау қызметінің көкейкесті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен зерттеулер жүргізуге үйлестірілген күштерін бағыттайтын болады.

 

Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб Қазақстан Үкіметінің және БҰҰ ДБ бастамасы бойынша 2013 жылы  Астанада 25 мемлекеттің және 5 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен Құрылтай конференциясында құрылды. Хабтың міндеті аймақтағы  мемлекеттік қызметтің тиімді жүйелерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.

 





Яндекс.Метрика