«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

“Нұрлы жол”: Ақтөбе облысында сумен жабдықтау саласында 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

2015 жылы Ақтөбе облыс тұрғындарының 90,5% және елді мекендерінің 44,7% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе22 Ақпан , 15:03

Сумен жабдықтау бойынша 1,9 млрд. теңге сомасына 6 жоба іске асырылды.

2016 жылы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы ауқымында жалпы сомасы 4,0 млрд. теңгеге Ақтөбе қаласының, Алға, Әйтеке би, Шалқар, Мұғалжар және Темір аудандарының елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы және жаңғыртуы бойынша 12 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ 2016 жылы ЕЖДБ кредиттік қаржысы есебінен Ақтөбе қаласының сумен жабдықтау нысандарын 1,2 млрд.теңге 2017 жылы – 1,4 млрд. теңге, 2018 жылы – 1,1 млрд. теңге сомасына жаңғырту басталады.

 




Яндекс.Метрика