Өңірлер

Л.Гречушникова: Зырян мәслихатының үміткерлері болып қала құрастырушы кәсіпорындардың өкілдері атанды

Аймақта жергілікті өкілді органдардың кандидатына қала құрастырушы кәсіпорындардың өкілдері үміткерлікке берді. Алайда, сенім артқандар жеңіске жетеді. Бұл өте маңызды құрамдас бөлік болып табылады, деп Зырян қ. әкімі (Шығыс Қазақстан облысы) Лариса Гречушникова Stretegy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Шығыс Қазақстан22 Ақпан , 14:47

«Адамдар жедел түрде қозғала бастады. Тұрғындар дамыған иныфрақұрылымды көргілері келеді, сондай-ақ жұмыс болғаның, оқығандарын, тиісті еңбекақыларын алғылары келеді. Қалада барлық шағын аудандарында жергілікті қауымдастықты күшейтті, олар балалардың ойын алаңдарының құрылыс жұмыстарын іске асыруда және қаланы көгалдандырумен айналысуда. Әйелдер барлық мәселелерге сезімтал, алайда бізде гендірлік саясат белсенді дамыған»,-деді Л.Гречушникова.

Сонымен қатар, әйелдер әлеуметтік және халықтың мәселелерге аса сезімтал болып келетіндігін айтып өтті.

«Бүгін қалада 38 мыңнан астам тұрғын тұрады. Әрине, бірінші мәселе – өмірді қамтамасыз ету. Әлеуметтік бағдарламалар шағын және орта бизнесті қолдау, өңірді дамытуда – барлығы дамуда. Өңірлерді дамыту бағдарламасы арқасында 2 балабақша, оңалту орталығы салынды. Осындай әлеуметтік бағдарламалар қауіп-қатерсіз өмір сүруге ғана емес, сонымен қатар дамытуға мүмкіндік береді»,-деді әкім.

Сондай-ақ, сайлау алдында  Гречушникова «бүгін депутатыққа кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасын ұсынуда. Аймақта қала құраушы кәсіпорындардың  өкілдері кандидатыққа өздерін ұсынуда. Бұл өте маңызды құрамдас бөлік болып табылады»,-деді ол.

«Жергілікті өкілдік органдарындағы әйелдердің саяси белсенділігін атап өтетін болсақ, ең белсенді қатысқан әйелдер ШҚО Зырян ауданы мен Қарағанды облысының Абай ауданында тіркеліп отыр. Аймақта үміткерлердің 60 пайызы әйелдер болып отыр. Кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға дейін созылады, ал 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика