Парламент

П. Шарапаев: Біздің алдымыздағы ортақ мақсат – Қазақстанды экономикалық бәсекеге қабілетті ету

Біздің алдымыздағы ортақ мақсат – Қазақстанды экономикалық бәсекеге қабілетті ету. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Солтүстік Қазақстан облысы «Радуга» ЖШС директоры Петр Шарапаев.
Астана қаласы22 Ақпан , 14:32

«Біздің алдымыздағы ортақ мақсат – Қазақстанды экономикалық бәсекеге қабілетті ету. Ауылдық жергілікті  пункттердің коммуналдық инфрақұрылымын белсенділету қажет. Экономикалық салада серпін жасап, өз жағдайын нығайту үшін әрекет жасау керек», - деді ол.

Кәсіпорын директоры атап өткендей, жақында біздің елде автомобиль жасау, ауыл техникасын шығару, қондырғыларды жүзеге асыру саласы дамуда. «Қазір өндірістік компанияларды өнімді өңдеуге, оның құрамын кеңейтуге бағыттау қажет. 20 наурызда өтетін  алдағы сайлауда азаматтардың үмітін ақтайтын жалғыз факт ол Парламентке өз кәсібінің шеберлерінің келуі», - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылымын мерзіміненбұрын тоқтатып, жаңадан Парламент сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттарынсайлау туралы ұсыныс тасталған еді. Мемлекет басшысының 20 қаңтардағы Жарлығыбойынша мерзімінен бұрын ҚР Парламент Мәжілісі мен кезекті мәслихат сайлауларынбиылғы жылдың 20 наурызында өткізу туралы шешімі қабылданған болатын.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика