Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2015 жылы Ұлт жоспары аясында ШҚО-да азаматтық істерді қарастырудың саны 9%-ға өсті

ШҚО сотының 2015 жылғы қорытындысы бойынша облыста қарастырылғын істер мен материалдар саны өсті. Егер 2014 жылы 125 421 іс қаралса, 2015 жылы оның саны 133 949-ға жетті. Аталмыш үрдіс сот жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың сенімділігінің артқандығын көрсетеді, деп ШҚО-ның ақпарат орталығы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан22 Ақпан , 17:51

Шығыс Қазақстан облысында сот қызметі Мемлекет басшысының Ұлт жоспары «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам» аясында  жүзеге асырылуда. Оның негізгі міндеті сот жүйесін оңтайландыру болып табылады.

2016 жылы бес баспалдақты әділет жүйесінің үш деңгейлі сот жүйесіне көшуі істерді қараудың уақытын азайтып, сот актілерін күшіне енуін жеделдетеді, яғни бұл демократиялық қоғамның жоғары талаптарына сәйкес келеді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстың қарастырылған ісі мен материалдарының саны өсті, Егер 2014 жылы 125 421 іс қаралса, 2015 жылы оның саны 133 949-ға жетті.

2014 жылмен салыстырғанда аяқталған істің саны 9 мың іс болды (8 528 іс).

Осылайша, барлық сотпен көрсетілген уақыт ішінде 63 129 азаматтық іс қарастырылды. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы азаматтық істі қарастыру 5 510 іске өсті немесе 9 %.




Дерекнама

Яндекс.Метрика