Парламент

ҚР 53 елдермен азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы ынтымақтастық орнатуы мүмкін

ҚР Парламент Сенатында конституциялық құқық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша кеңейтілген отырысында «Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңның жобасы қарастырылды
Астана қаласы22 Ақпан , 12:09

«Конвенция шетелден дәлелдеуді 1970 жылы алды. Біз ұсынысымызды қазір ғана айтып жатырмыз.  Бұл өткен жылдың соңында қол қойылған Еуразиялық Одақпен ынтымақтастық жасау туралы келісіммен байланысты және еуропалықтардың жағы халықаралық жеке құқық тарапынан Гаага конференциясының аясында біздің қатысуымызды қолдауының сеніміне қол жеткіздік. Атап айтқанда, азаматтық сот iсiн жүргiзу әмбебап тәртібін анықтауда Қазақстанның конвенцияға қосылуы»,-деді ҚР Әділет вице-министрі Эльмира Әзімова.

Вице-министрдің айтуынша, аталмыш конвенция шетелдерде дәлелдеуді алуға мүмкіндік береді. Бұл айтарлықтай шетелдік қатысысушылардың қатысуымен  дауларды қарастырған кезде Қазақстандық соттардың өкілеттігін кеңейтеді, оның ішінде көбінесе экономикалық және инвестициялық даулар жағынан.

«Осыған орай, біздің соттардың беделін нығайтуы  үшін тиімді құралы ретінде Конвенцияны қарастыра келе, аталмыш конвенцияны ратификациялауды ұсынамыз. Ратификациялаған жағдайда біз 53 елдермен ынтымақтастық жасай аламыз. Бұл жағдайда алға елеулі қадамдар жасаймыз, екіжақты келісім-шарттар жасасу процесін айналып, бұл үдеріс айтарлықтай біздің басқа елдермен ынтымақтастықты жеңілдетеді»,-деді ол.

Заң жобасы Палатаға қарастырылуға жіберілді.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика