Халықаралық интеграция

Норвегия елшісі: Қазақстан – жаппай қару-жарақты таратпау және жою жөнінде біздің сенімді серіктесіміз

Эксклюзив
Қазақстан, ұзақ жылдан бері жаппай қару-жарақты таратпау және жою жөнінде біздің сенімді серіктесіміз болып келеді. Біз осы сала бойынша ынтымақта болғанымызды мақтан етеміз. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген Қазақстан республикасындағы Норвегияның төтенше және өкілетті елшісі Оле Йохан Берной айтты.
Астана қаласы 22 Ақпан, 12:26

«Қазақстан мен Норвегия арасындағы кең көлемдегі және көптен бергі ынтымақтастығымызда біз қарусыздандыру және оны таратпау жөнінде бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бұл серіктестігімізге көптеген жылдар болды. Біз осы сала бойынша ынтымақтастығымызды және сенімді серіктес болғанымызды мақтан етеміз»,-деп атап өтті елші.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Норвегия қарусыздандыру мен оны таратпау процестерінде халықаралық жағдайларға лайықты деңгейде атсалысып келеді. Екі елдің бұл мәселелер жөнінде мүдделері ортақ.

Айта кетейік, халықаралық қоғамдастық біздің елдің ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіріп, барлық ядролық арсеналдарды жою мен жаппай қарусыздандыру бағытымызды жоғары бағалайды. Ал, қазақстандық модель көп ұлтты мемлекетте этносаралық және конфессияаралық төзімділік механизмнің берік қарым-қатынасын көрсетеді.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика