Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазпочта Қазақстандағы алғашқы энергосервисті келісім шартқа қол қойды

«Қазпочта» АҚ энергия сервистік келісім-шарттар тетігі арқылы энергетикалық сервистік жобаларды жүзеге асыратынын хабарлайды.
Астана қаласы22 Ақпан , 11:23

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2015 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жеке және заңды тұлғаларға арналған энергосервистік келісім-шарттардың типтік үлгісін бекітті. Мұның аясында «Қазпочта» АҚ «Led System Media» ЖШС-мен бірлесе отырып әкімшілік ғимаратты жарықдиодты жарықпен қамтамасыз етуге қатысты энерготиімді жобаны жүзеге асыру бойынша Қазақстандағы алғашқы энергосервистік келісім-шартқа қол қойды.

Пилоттық жоба трансформация бағдарламасы аясында іске асырылуда және бас кеңсенің ішкі және сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Қолданыстағы металлогалогенді және люминесцентті шамдар мен шамшырақтар отандық өндірушінің үнемді және экологиялық жарықдиодты шамдары мен шамшырақтарына алмастырылады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бес институционалдық реформаны іске асыру мақсаттарында энергосервистік келісім-шарттар қажеттілігі және ірі халықаралық ЭСКО компанияларды тарту қажеттігін Елбасы айтып кеткен болатын.

«Жүзеге асыру жағынан, жобалау компаниясы электр қуатын  тұтыну бойынша шамамен 140 МВт үнемдеуге мүмкіндік береді, яғни үнем көлемі жылына шамамен 2,9 млн теңге болады, себебі энергосервистік келісім-шартқа сәйкес, ЭСКО өзіне барлық шығындарды алады, өтемақы энергия үнемдеу нәтижесінде алдағы 5 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады. Болашақта компания осыған балама болатын жобаларды барлық филиалдарда іске қосуды жоспарлап отыр, мұның нәтижесінде 1800 МВТ-тан аса, яғни жылына 30 миллионнан астам теңге үнемдеуге қол жеткізуге болады», - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

ЭСКО - энергия үнемдеу іс-шараларына инвестициялайтын, оларды жүзеге асыратын, сондай-ақ, энергосервистік келісім-шарт арқылы ұзақ мерзім бойы энергоресурстарды  үнемдеу есебінен салынған қаражатты  қайтарып алатын инвестициялық компания.




Яндекс.Метрика