Ұлтаралық бірлік

Қазақстан жастары ҚХА-мен бірігіп экстремизмге қарсы қозғалысты ұйымдастырды

БАС Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «KAZAKHstan for peace» экстремизмге қарсы жастар қозғалысын дамыту шеңберінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелерін кәсіби жариялау стандарттары» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
Астана қаласы22 Ақпан , 10:19

Іс-шараның  тең ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі  этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы  және «Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ,    Қырғызстандағы  «Ортақ мүддені іздестіру» халықаралық үкіметтік емес ұйымдар корпорациясы (SFCG) техникалық қолдауымен өтуде.

Шароаның мақсаты -  күш қолдану экстремизмі мен  радикализмнің  алдын алу  бойынша жастар қатарынан кәсіби спикерлерді  даярлау.

Шараға  Қазақстанның барлық өңірлерінен  18-ден 29 жасқа дейінгі этномәдени  бірлестіктердің жас  лидерлері, мемлекеттік органдардың мамандары, дінтанушылар, теологтар,  журналистер қатысып жатыр.   

“Жұмыс қорытындысы бойынша тыңдаушылардың  жалпы санынан  «KAZAKHstan for peace» экстремизмге қарсы жастар қозғалысын дамыту шеңберінде  одан әрі жұмыс істеу үшін спикерлер іріктеліп алынады,  оларға тиісті куәліктер мен  тренерлердің кейстері  тапсырылды”, - деді “Діндерді зерттеу орталығының қауымдастығы” ЗТБ жетекшісі Ю.Денисенко.  

Жоба  Қазақстанның басқа өңірлерінде  жыл бойына  жалғасады.

 




Яндекс.Метрика