Ұлт жоспары 100 нақты қадам

С.Федосеев: Ұлт жоспарының іске асуы арқылы қазақстандықтардың өмір сапасы жақсарады

Эксклюзив
Әрине, «100 нақты қадам» туралы ойды шағын ғана пікірге сыйдыру мүмкін емес. Мемлекет басшысының бұл бастамасы қарапайым қазақстандықтардың әлеуетін арттырып, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында белгілі қазақстандық заңгер, саяси ғылымдардың докторы Сергей Федосеев айтты.
Астана қаласы 22 Ақпан, 10:34

«Баршаңызға белгілі, 2015-ші жылдың 6-шы мамырындағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш рет Ұлт Жоспары-100 нақты қадам бағдарламасы негізінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру туралы ойын ортаға салған болатын.  Бұл жерде баяндалғандай, дұрыс құрылған логиканы орындау анық жеткізілген. Әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде дәл осындай орасан жоспарлар мен оның орындалуы туралы механизмді дайындап, дұрыс бағытқа қадам жасау кез-келген мемлекеттің қолынан келе бермейтінін атап өткен жөн. Егер, осы жоспарларды іске асыратын болсақ, экономикалық және саяси тұрғыдан мемлекеттік деңгейімізді көтеріп,  дағдарысты еңсеретініміз анық. Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру арқылы өзімізді қуатты ел ретінде таныта аламыз. Соңғы 300 күнде-ақ, бірқатар оң нәтижелерді байқауға болады. Қазақстан бессатылы әділсот жүйесінен үш деңгейлі әділсот жүйесіне ауысты. Бұл өз кезегінде іс қарау уақытын үнемдеуге септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар, өтініш түскен күннен бастап үш күннің ішінде тараптардың қатысуынсыз сот қаулысын шығаруға мүмкіндік туды және істі өндіріске алу уақыты бір айға қысқарды.  Мүліктік мүддеге және басқа да мәселелерге қатысты сот актілері мен істерін қайта қарауға шектеулер қойылды. Есесіне сот талқылауларына дейінгі дайындық мерзімі ұзартылды»,-деп атап өтті С.Федосеев. 


Оның айтуынша, қазірдің өзінде Ұлт жоспары қатардағы қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға тікелей септігін тигізуде. Бұл – құжаттың басты мақсаты, деп есептейді сарапшы. 

«Ең бастысы – сот өндірісінде адвакатуралардың рөлі артты. Сондай-ақ, соттардың жұмысын азайтуға мүмкіндік беретін медиация институты күшейді. Маған қатардағы азамат ретінде бағдарламаның жүзеге асуы өмір сүруіме  айтарлықтай жеңіл бола бастады. Жергілікті полиция қызметі құрылды. Назар аударыңыздар, қазір барлық қоғамдық орындарда сіздің учаскелік инспекторыңыз жайында толық мағлұматтар ілінген. Кез-келген уақытта қандай да бір тәртіп бұзылса шақырта аласыз. Әрине, «100 нақты қадам» туралы ойды шағын ғана пікірге сыйдыру мүмкін емес. Мемлекет басшысының бұл бастамасы қарапайым қазақстандықтардың әлеуетін арттырып, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған. Ұлт жоспары «Қазақстан - 2050» Стратегиясының бір бөлігі ретінде сәтті жүзеге асатын болса, жоғарыда мен айтып кеткен мақсаттарға үлкен жетістіктермен жететінімізге мен сенімдімін»,-деп қортты сөзін сарапшы. 

Данияр Қасымов





Яндекс.Метрика