Ұлттың денсаулығы

Қарағанды облысы Шұбаркөл кентінде «Саламатты Қазақстан» пойызының қызметкерлері 230 тұрғынды тексерді (ФОТО)

2016 жылдың 16 және 18 ақпан аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызы Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.
Қарағанды 22 Ақпан, 10:51

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, барлығы  232 адам, оның ішінде 115 бала тексерілді.  Дәрігерлік қаралудан 1200 адам өтті. 2952 диагностикалық процеруда жүргізілді (184 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 238 бас миының  эхоэнцефалография және ультрадыбыстық  допплерографиясы, 119 электрокардиография, 86  көздің ішкі қысымын өлшеу, 145 рентгенологиялық зерттеу, 32 эндоскопия, 2159 клиникалық-биохимиялық анализ), 24 кіші емханалық ота жасалды.

Маммолог дәрігерден 90 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 115 тұрғынға көрсетілді. Пойыз мамандары 171 ауруды тіркеген, оның ішінде 20 бала бар. Жаңадан пайда болған  1 дерт анықталған.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде пойыздардың дайындығына белсене түрде атсалысты.  Азаматтық қорғау қызметкерлері эвакуациялау  жолдарының жай-күйіне, баспақы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше көңіл бөле отырып, объектілердің және іс-шаралар өткізу орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, пойыз мамандарымен түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілді. Темір жол станцияларының аумағында инженерлік-инспекторлық құрамның және авариялық-құтқару қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Естеріңізге салсақ, 15 ақпан күні шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» пойызына старт берілді. Ағымдағы жылдың алғашқы сапарында медициналық пойыздың дәрігерлері Қарағанды облысының 19 бекетін қамтуды көздеп отыр.

«Дөңгелекті поликлиника» барлық қажетті диагностикалық аппаратура мен 18-ден аса дәрігерлік мамандық иегерлері жиналған жоғары кәсіби  медициналық кадрлармен қамтылған.  Оған қоса, мамандар біліктілігі бірінші санаттан кем емес дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлермен қамтылған.

 





Яндекс.Метрика