Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Шымкенттік зауыт 2019 жылы 24 мың тонна май материалдарын өндіреді

Бүгінде базалық май нарығы өте ауқымды. Елімізге жылына 400 мың тоннаға жуық түрлі машина майлары тасымалданады. Халықтың әл-ауқатының өсуі және автокөлік тұрақтарының көбеюіне байланысты жанармай материалдары мен базалық майларға жылдан-жылға сұраныс артуда. Осыны ескерген Шымкент қаласындағы матор май материалдарын өндіретін «HILL» ЖШС зауыты қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.
Оңтүстік Қазақстан22 Ақпан , 09:31

Облыс әкімдігі хабарлағандай, «Оңтүстік» индустриялық аймағында индустрияладыру картасы шеңберінде 2010 жылы іске қосылған бұл жоба ресубликада бірінші болып табылады. Қазіргі таңға, зауыт жылына 11 мың тонна түрлі майлағыш май материалдарын шығаруға қауқарлы. 2019 жылы жоба толық қуаттылығына шыққан сәтте 24 мың тонна өнім шығару жоспарлануда.

2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7417,1 млн.теңге құрайтын 8900 тонна өнім өңдірілген. 2018 жылы компания өңірде бірінші болып базалық май өңдірісін іске қосуды да жоспарлап отыр. Облыс экономикасына 235 млрд. тг. инвестиция тартылып 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт толық қуаттылығына шыққан сәтте 7,5 млн. тонна өнім өндіріледі.

Жоба елімізді Shevron компаниясының технологиясының негізінде жанар-жағар май материалдарының барлық спекторымен қамтамасыз ету көзделуде. Жоба сәтті жүзеге асырылса, толық көлемде отандық тауар май өндірісін шикізатпен және жоғары сапалы матор май материалдарымен қамтамасыз етеді.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика