Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Мәңгілік ел» пойызының қатысушылары Зыряновскте ШОБ бойынша консультация өткізді (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанадан шығып, облысты аралап жүрген «Мәңгілік Ел» пойызы Зыряновск қаласына келді.
Шығыс Қазақстан 22 Ақпан, 09:13

Зыряновск тұрғындары қонақтарды қарсы алып, халықтың көпұлттылығын паш етті. Делегаттарды перроннан бастап әр түрлі тілдегі ән мен күймен, бимен қарсы алды.

«Зыряновск ауданы конфессияаралық ынтымақтастықты сақтау мен келісім мен бірліктің мысалы болып отыр. Халық бірлігі – біздің ауданның жетістігі. Бз сіздерді өз елімізде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Бүгін ауа райы салқын болса да, сіздерге деген көңіліміз ыстық», - деді қала әкімі Лариса Гречушникова.

Ал «Мәңгілік ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісов ададдардың жылы ықыласы күн салқындығын байқатпағанын атап өтті.

 Делегация құрамына ҚХА, министрліктер өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар кірген. Облыста жастар саясатының жұмысы мен көрсеткіштерімен танысқан ұжым оң бағаларын берді.

«Сіздер, Шығыс Қазақстан жастары Қабанбайдай батырлар қорғаған және Абай, Шәкәрімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекенде тұрып жатырсыздар. Атқарға жұмыстарыңыз бен жеткен жетістіктеріңізге қарап, ата-баба аңсаған арманды іске асырып келе жатқандарыңызда аңғардым.  Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының іске асыуында жастардың белсенділігіне көптеп сенім артылған. Сол сенімді іске асырар және тәуелсіз елде көк туымызды көкке желбіретер жалынды қазақ жастарының бірі екендіктеріңізге сенімдімін1, – деді «Мәңгілік Ел» поезд штабының басшысы, профессор, тарихшы Әміржан Әлпейісов.

Сондай-ақ, кездесу соңында Өскемен қаласының жастары «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық акциясының қатысушыларына үндеу жариялап, естелік сыйлықтарын табыстады.

Өскемен қаласына ат басын бұрған поезд өкілдері сонымен қатар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерімен кездесіп, ұлтаралық келісім жайында сөз қозғайды. Кейін қоғамдық келісім, толеранттылықты дамытуға бағытталған «Сыйластық. Құрмет. Келісім» атты іскерлік ойынына қатысады.





Дерекнама

Яндекс.Метрика