Адами капитал

М.Төлегенов: Бүгінгі біздің заманда адамдардың аз да болса қайырымдылығы керек

Эксклюзив
Егер сен қандай да бір жақсылық жасасаң, саған қосылатын және сені қолдайтын жандар әркезде де табылады. Сонымен қатар, олардың жасаған жақсылығы арқылы тағы да басқа қоғамның мүшелері эстафетаны жалғастырып алып кетеді. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген «Жақсылық жаса» SMM жобасының ұйымдастырушысы Мақсат Төлегенов айтты.
Астана қаласы 20 Ақпан, 15:11

«Менің ойымша, бұл акция өте қажет. Бүгінгі біздің заманда адамдардың аз да болса қайырымдылығы керек. Интернеттен көптеген негативтерді көреміз. Ал, бұл акция Интернет, Казнет сияқты желілерді жақсылықпен толтыруға үлес қосады. Қазақстанның интернет сегментіндегі Facebook әлеуметтік желісі бір жарияланым арқылы қаншама қосымша жарияланымдар мен пікірлер жинайды. Осының өзін мысал ретінде алуға болады. Осы күнге дейін де жүздеген жақсылықтар жасалды. Оның бәрі интернет арқылы жұртқа жетіп жатты. Егер сен қандай да бір жақсылық жасасаң, саған қосылатын және сені қолдайтын жандар әркезде де табылады. Сонымен қатар, олардың жасаған жақсылығы арқылы тағы да басқа қоғамның мүшелері эстафетаны жалғастырып алып кетеді. Менің ойымша, осындай түрлі шаралар арқылы әлем қайырымды бола түседі және әлдеқайда жарқын болады. Сондай-ақ, тек өзің ғана жақсылық жасап қоймай, өзге де адамдарды жақсылық жасауға шақыру керек»,-деп атап өтті М.Төлегенов.
Еске сала кетейік, «Жақсылық жаса» акциясының аясында Казнетке қазақстандықтардың жасаған жақсылықтары туралы 100-ден астам жарияланымдар мен бейне роликтер шықты. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен арнайы брифингте айтылды. Жобаға ақпараттық қолдау көрсететіндер: Орталық коммуникациялық қызметі, Tengrinews.kz, Nur.kz, «Жетінші арна» және «Казконтент» АҚ-ы. 

Қанат Тұрар
 





Яндекс.Метрика