Білім беру

Б.Сапарбаев: Студенттерді жұмыспен қамту – оқу орындарының жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіші

Студенттерді жұмыспен қамту – оқу орындарының жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіші. Бұл жөнінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары және студенттерімен кездесуі барысында айтты.
Ақтөбе20 Ақпан , 16:01

«Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығының хабарлауынша, бүгінгі күні аймақ басшысы 4 ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарында болып қайтты. Сондай-ақ, осыған ұқсас кездесулер мектептерде де өтеді.

Аймақ басшысы кездесу барысында жоғары оқу орындары мен колледжердің негізгі көрсеткіші болатын білім сапасы мен студент-түлектердің алдағы жұмысқа тұру  мәселесіне нақты тоқталып өтті.

«Міндетті түрде дуалды білім беру жүйесін игеру керек.  Оқыту барысында тәжірибе көп жасалуы тиіс. Сонымен қатар, Индустриаландыру картасы және басқа да мемлекеттік бағдарламасы аясында  оқу бағдарламасын еңбек нарығының нақты қажеттілігіне, өнеркәсіпке бейімдеу керек»,-деді әкім.

Аймақ басшысы ЖОО мен колледж жетекешілеріне студенттер тәжірибе өтетін кәсіпорындармен жұмысқа тұрғызу туралы келісім шарт жасау керектігін айтып өтті.

Кездесу барысында маңызды бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Осылайша, Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің ректоры Ербол Алданов Ақтөбеде ЖОО, колледждер мен кәсіпорындарды біріктіретін консорциум жасауды ұсынды. Жаңа кәсіподақ облыстың қажеттіліктері үшін мамандарды мақсатты даярлауды жүргізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Б.Сапарбаев Ақтөбе медициналық колледжінде мүгедектерге гранттар үшін қосымша қаражат іздеуге дайын екендігін айтты.

Естерінізге сала кетейік, мемлекеттік тапсырыс есебінен көздері нашар көретін 15 мүгедек аталмыш мекемеде массаж жасау мамандығын игеруде. Инклюзивті бағдарлама бойынша білім алып жатан студенттердің түлегі осы жылы шығады. 




Яндекс.Метрика