Басқару

Л.Сүлеймен: ОСК үгіт жұмыстары кезінде орын алған бұзушылыққа икемді және жедел түрде әрекет жасайды

Ортылқ сайлау комиссисы құзіретті орагандамен бірге үгіт жұмыстары барысында заң бұзушылықты төтеп беру үшін икемді әрі жедел тұрде жұмыс атқарады, деп ОСК мүшесі Лязат Сүлеймен ҚР ОСК брифингінде айтып өтті.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:42

«Үгіт жұмыстары бойынша интернет-желілерде көптеген сұрақтар келіп жатады. Интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралы болып келеді ме? Қазақстанда БАҚ заңнамасына сәйкес, барлық интернет-желілер бұқаралық ақпарат құралы болып есептеледі. Әлеуметтік желілер де өз жолында интернет-желі болып саналады. Әрине, біздің заңнама тұрғысынан, олар БАҚ болып қарастырылады. Сонымен қатар, біздің ойымызша, қазақстандық әлеуметтік желілер сегменті арқылы азаматтар ақпарат алу мен таратуға конституциялық құқықтарын жүзеге асырады»,-деді Л.Сүлеймен.

Осылайша, оның айтуы бойынша, сайлау науқаны кезінде сайлаудың заңнамасын бұзбаған кезде әлеуметтік медианы қолдануға болады.

«Бұл жерде әлеуметтік желіні пайдаланушыларға «сайлау туралы» еліміздің заңын сақтауға шақырамыз. Барлықтарыңыз білетіндей сайлау туралы заңнама барлық интернеттегі сұрақтарды реттеп отырмайды. Мұндай жағдайда,  сайлау процесіне қатысатын барлық нұсқалардан ортақ түсіністік пен сындарлы көзқарасың болуы маңызды болып табылады. Сондықтан, Ортсайлауком барлық сайлау процесінің субъектілері, партиялар, кандидаттар, БАҚ, Бас прокуратура, уәкілетті органмен бірлесіп, үгіт жұмыстары кезінде заң бұзушылықтың болмауын қатаң түрде қадағалайтын болады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика