«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Д.Колягийн: «Нұрлы жол» бағдарламасын үлкен жетістіктер күтуде

Эксклюзив
Әлбетте, ҚР Президенті КСРО кезінен бастап жүзеге асырылып жатқан мәселелерді білді. Ол басқарудың озық тәжірибесін үйренуге мүмкіндік алды. Менің ойымша, «Нұрлы жол» бағдарламасын үлкен жетістіктер күтуде. Бұл жөнінде Орталық Азия Моңғолия Ғылым академиясының халықаралық қатынастар институтының басшысы PhD докторы Дэмбэрэл Колягийн Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 20 Ақпан, 12:31

«Мен зерттеуші ретінде Тәуелсіз Қазақстанға арналған Президент Н.Назарбаевтың еңбегімен таныстым. Оның еңбегінде жақсы көретін негізгі тақырыбы көрсетілген – елі мен халқы. Олардың негізгі басымдықтары тәуелсіздік пен халқының бірлігі болып табылады, сонындай-ақ Қазақстан жаңа мемлекеттік негізі ретінде ұлттық мәдениеті көрсетілген. Сонымен қатар, тәуелсіздік, ұлттық жандану, Қазақстан мемлекеті, Қазақстанның тұрақты дамуы, қазақ халқының ынтымақтастық тақырыптары қозғалды. Барлық тақырыптар «Нұрлы жол» бағдарламасының негізі болып келеді. Моңғолия кирилдікке 1946 жылы көшті, осы жылы 2025 жылға моңғол жазуына көшу туралы заң қабылданды, ал Қазақстан 2025 жылы  латын әліпбиіне көшеді. Менің ойымша, біртекті мемлекеттің тұрғындары мемлекеттік тілін білуі тиіс және Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылы Қазақстанның 95 пайыз халқы қазақ тілін игеретін болатындығы бейнеленді»,-деді ол.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» бағрламасы мен «100 нақты қадамды» іске асыру барысында Қазақстан қазіргі заманғы мемлекетті құру саласы бойынша үлкен жетістікке ие.

«Мен халықаралық тарихшы ретінде кез келген жас мемлекет тәуелсіздігінің ұлттық мүддесі, тұрақты даму, сақтау және нығайту сияқты мәселелері өздеріне тән деп есептеймін және ол «Нұрлы жол» бағдарламасының негізі болады»,-деді сарапшы.

Данияр Қасымов

Жеке мұрағаттан алынған сурет





Дерекнама

Яндекс.Метрика