Басқару

ОСК-да сайлау алдында жүргізілетін үгіт жұмыстардың тәртібі мен шарттарын айтты

Орталық сайлау комиссиясында сайлау алдында жүргізілетін үгіт жұмыстарының тәртібі мен шарттарын айтып өтті.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:19

«Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары – бұл партия сайлаушыларының өздеріне немесе басқа саяси партияға дауыс беруін ояту. Партиялық тізімін берген саяси партиялар өздерінің сайлауалды бағдарламасымен халық алдында, сайлаушылар алдында сөз сөйлейді. Бағдарлама сайлау туралы заңның талаптарына келуі тиіс. Егер қандай да бір бұзушылық байқалған жағдайда ОСК партия тізімін тіркеуден бас тарта алады»,-деді ҚР ОСК мүшесі Ляззат Сүлеймен Астанада өткен брифингте.

ОСК мүшесі заңнамалық үгіт-насихаттың ережесі үш пункт бойынша реттеліп, іске асырылуда.

«Біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдары арқасында. БАҚ-та үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережесі бойынша семинарлар өткіздік. ОСК-нің үгіт-насихат туралы қаулысы республикалық және аймақтық БАҚ өкілдеріне хабарландырылды. ОСК-ның сайтында да жарияланды.  Басты ерже – барлық партиялар мен үмірткерлерге бірдей ереже мен жағдайлар. Екіншіден, сайлауалды шаралардың, сайлауалды жиналыстар мен сайлаушылармен кездесулер, сайлауалды жарыссөздер мен пікірталастардың өтуі. Партиялар митингілер, шерулер мен көрсетулер өткізе алады. Заңнамаға сәйкес, саяси партиялар өздерінің ұйымдастыратын іс-шараларын жергілікті атқарушы органмен келісу керек. ЖАО-ның міндетіне үгіт материалдарын орналастыруды анықтау, сондай-ақ келісім шарт негізінде партиялар, кандитаттарға сайлаушылармен кездесуге үй-жайларды қамтамасыз ету жұмыстары кіреді. Үшіншіден, баспа және дыбыстық бейнелерді тарату мен жариялау, сондай-ақ суретті материалдар, сайлау науқанына арнауы жасалған тулар мен белгішелерді тарату жұмысары»,-деді ол.

Сонымен қатар Л.Сүлеймен партиялардың  сайлау науқынына үгіт жұмыстары олардың сайлау қорларының қаражатына жүргііліп жатқандығын айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика