Басқару

«Нұр Отан» партиясы 88 мың үгіт шарасына 60 мыңнан астам адамды қатыстырады

«Нұр Отан» партиясында жоспарлап отырған 88 мың шараға 60 мыңнан астам адам қатысады, деп партияның сайлауалды штабының жетекшісі Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясының брифингінде айтып өтті.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:14

«Нұр Отан» партиясы толықтай үгіт-насихат жұмысына дайын. Сайлау науқанының стратегиясы жасалып, желі кестесі бекітілді. Ол жерде 88 мыңнан астам шара жасау жоспарланған»,-деді ол.

А.Мырзахметовтің айтуынша,  үгіт жұмыстарына 60 мыңнан астам адам қатысады, олардың ішінде республикалық және аймақтық штабтың мүшелері, 57 мың сенімді өкілдер мен еркін адамдар.

«Айта кететін жайт, «Нұр Отан» электоралды партия емес. Біз тек сайлау науқанында ғана жұмыс істеп қоймай, күнде халықпен жұмыс жүргіземіз. Сайлау кезінде бұл жұмыстар барлық бағытта күшейтпелі жүргізіледі»,-деді А.Мырзахметов,




Дерекнама

Яндекс.Метрика