Адами капитал

Қазақстанда «#ЖақсылықЖаса» акциясына арнайы екі тілді домен жасалды

Қазақ және орыс тіліндегі dd.bnews.kz домендік атауымен арнайы жобасы қазақстандық оқиғаларға қолайлы алаң жасауға септігін тигізеді, деп «Қазконтент» АҚ төрағасының орынбасары Зарина Нұрланова ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айттып өтті.
Астана қаласы 20 Ақпан, 11:57

«Біз аталмыш жобаны қолдауға қуана-қуана келісіп, сайтты жасадық. Әлемде мәңгілік құндылықтардың орны әрқашан бар: жақсылық, қайырымдылық, өзара жәрдем құндылықтары. Және осы қасиеттер қиын заманда адам болуға көмектеседі. Біздің сайт елімізде болып жатқан бірталай игі істерді жасауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. Әрбіреуіміз осы сайтта  өзіміздің істеген жақсылығымыздың тарихын жаза аламыз»,-деді З.Нұрланова.

Спикердің айтуынша, домен пайдаланушыларына қолайлы интерфейс жасалған. Мысалы, сайтта интернактивті карта бар, ол жерде әрбір аймақ қанша жақсылық істердің жасалғандығын көре алады.

«Біз әрбір пайдаланушыға қолайлы интерфейс жасауға тырыстық. Біз үлкен елде тұратынымызды ескердік. Біздің интерактивті картаға қараңыздар. Ол жерде әрбір аймақта қанша жақсылық істердің жасалғанын көре аласыздар. Мен барлықтарыңызды өздеріңіздің істеген жақсылық оқиғаларынызбен бөлісуге шақырамын. Ол жақсылықты барлық ел білсін»,- деді З.Нұрланова.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

 





Яндекс.Метрика