Адамзаттық капитал

Қазақстанда «#Жақсылықжаса» SMM-жобасы аясында Қазнетте 100-ден астам бейнеролик жарыққа шықты

Аталмыш акция аясында адамдарға жақсылық жасау керектігін айтқымыз келді, деп жобаны ұйымдастырушы – блогер Мақсат Төлегенов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы 20 Ақпан, 11:24

Жобаның мақсаты – жақсылық, бейбітшілік, өзара қолдау, мейірімділік құндылықтарын әдетке айналдырып, қоғам арасында тарату. Екі аптаның ішінде #ЖақсылықЖаса және #ДелайДобро хэштегімен қазнетте еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам жазба мен бейнеролик жарияланғанын атап өткен жөн.

Қазақ және орыс тіліндегі dd.bnews.kz домендік атауымен арнайы жоба әзірленді. Жоба аясында әрбір пайдаланушы үшін мультимедиялық форматта (мәтін, сурет, бейне) өзінің істеген жақсылығының тарихын жүктеуге мүмкіндік беретін қолайлы интерфакс ашылды. Сондай-ақ, әрбір пайдаланушыға әр өңірден қанша игі іс жасалғаны туралы ақпаратты көруге мүмкіндік беретін геолокация қызметі бар.

«Аталмыш акция бойынша жақсылық жасауды тоқтатпау керектігін жеткізгіміз келді. Оны Интернетте көрсету міндет емес, алайда егер адамдар жақсы әрекеттерді көріп жатса, олар да сол әрекетке құлшынады»,-деді М.Төлегенов.

Естерінізге сала кетейік, жобаға ақпараттық қолдауды: Орталық коммуникация қызметі, Tengrinews.kz, Nur.kz, «Жетінші арна», «Казконтент» АҚ көрсетуде.

Фото: Бауыржан Жуасбаев





Дерекнама

Яндекс.Метрика