Халықаралық интеграция

Б.Сағынтаев РФ бірінші вице-премьерімен өзара ынтымақтастықты талқылады

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев видеоконференция форматында Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен келіссөз өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы19 Ақпан , 17:51

«Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастың жағдайы, сондай-ақ, өндіріс, транзиттік-көліктік және коммуникациялық салалардағы әріптестіктің жай-күйін талқылады», - делінген хабарламада.

Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақтың аясындағы өзекті мәселелерді де талқылады.

Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша сауда – экономикалық ықпалдастықтың барлық шоғыры бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдете түсуге мүдделілік білдірді.

 

 




Яндекс.Метрика