Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ОҚО-да оңтүстік-корей технологиясы бойынша жылына 16 миллионға жуық шұлық-нәски өнімдерін шығарады

Өткен жылдың 11-ші желтоқсанында Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Қазақстанның жаңа индустриализациясы» деген атаумен жалпы ұлттық телекөпір ұйымдастырылған болатын. Онда Оңтүстік Қазақстан облысындағы шұлық-носки өнімдерін шығаратын фабрика іске қосылды. «Әлем БТ» ЖШС-ң жобасын жүзеге асыру үшін 2 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Оңтүстік Қазақстан19 Ақпан , 17:58

«Біз оңтүстік-корей технологиясы бойынша жылына 16 миллионға жуық шұлық-носки өнімдерін шығарамыз. Біздің өнім тек ішкі нарыққа ғана емес, шетелге де шығарылады. Бұл жұмысты іске асыру үшін бізде 400-ге жуық тұрақты жұмыс орыны құрылған. Елбасының сара саясатының арқасында мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып отырмыз. Осындай өндіріс орындарының ашылуы арқылы еліміз бұдан әрі дамиды және ел байлығы еселене түседі», деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген «Әлем БТ» ЖШС-ң құрылтайшысы Қайрат Балабиев.

Аталмыш жоба «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының территориясында жүзеге асуда. Дәл бүгінгі таңда бұл аймақта  2144 адам жұмыс істейтін 28 млрд. теңгенің 10 жобасы жұмыс істеп тұр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика