Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Қазақстандық цех жылына 300 млн инъекциялық ампула шығарады

Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту арқылы дәрі-дәрмектің импортын азайту мақсатында «Химфарм» АҚ индустриаландыру картасы арқылы өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыруда, деді «Химфарм» АҚ бас директоры Ижи Урбанец Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Оңтүстік Қазақстан19 Ақпан , 19:37

«Төрт кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған жобаның бүгінгі таңда құны 5,8 млрд. теңге болатын бірінші кезеңі іске қосылған. Польшалық инвесторлардың қаржылай қолдауының нәтижесінде инъекциялық және инфузиялық ерітінділерді өндіретін цех салынды», - деді ол.

Оның айтуыша, жаңа өндіріс орны 300 млн. дана ампула мен инъекциялық ерітінді, 4 млн. пакет инфузиялық ерітінді, 40 млн. антибиотикті шөлмек және 1 млрд. дана таблетка өндіруге қауқарлы. Жобаны жүзеге асыру арқылы 500 жаңа жұмыс орны ашылып, кәсіпорын өткен жылы құны 3479,0 млн. теңге болатын дәрі-дәрмек өндірген.

«Мемлекеттік сатып алудағы 45% үлесімен компания отандық нарықта (табиғи тұлғалауда) жетекші орынға ие және Santo Member of Polpharma Group компаниясының топтамасының мүшесі болуына байланысты технологияларды жетілдіріп, әлемдік стандарт деңгейіне жету мүкіндіктері бар. Осылайша кәсіпорын Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялардың ішінде бірінші болып залалсыздандыру өндірісінің тәжірибесіне қатысты (GMP) сертификат алды», - деді ол.

 Жобаны жүзеге асыру үшін Польша Республикасының инвесторлары тартылды. Қазіргі таңда зауыт 200-ден астам дженерик және 12 фармакалогиялық топтамадағы капсула пішінді таблеткалар, ампуладағы инъекциялық ерітінділер, шәрбәт, тұмба, май, сүртпе май, гелдер, линимент, суппозиторий, су және спирт ерітінділері сияқты ерекше дәрі-дәрмектерді өндіреді. Барлық өндірістік процесстер автоматтық тестілеуден және микробиологиялық тазартудан өтеді. Түпкілікті өнімнің сапасы замануи аналитикалық құрылғылармен жабдықталған компанияның зертханасында бақыланады.

Айта кетейік, 2014  жылдың 25 желтоқсанында   Мемлекет басшысының қатысумен өткен жалпы ұлттық телекөпір барысында Оңтүстікте «Назар-Текстиль» ЖШС-нің кілем бұйымдары фабрикасы мен «Химфарм» АҚ-ның өндірістік қуаттылығын арттыру жобасы іске қосылды.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика