Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Терешкевич: Қазақстанның реформалары азаматтардың Жаңа дүниетаным мәдениетін қалыптастыруы керек

Қазақстан сапалы жаңа реформалар қарсаңында тұр және ол Қазақстанның экономикалық дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың Жаңа дүниетаным мәдениетін қалыптастыруы керек. Бұл жөнінде «Астана Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Дмитрий Терешкевич Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы20 Ақпан , 14:32

«Қазақстан сапалы жаңа реформалар қарсаңында тұр және ол Қазақстанның экономикалық дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтар дүниетанымына жаңа мәдениет қалыптастыру керек. Заманауи қоғам бірлескен жігерімен мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қабілетті деп сенемін»,-деді  Д. Терешкевич.

Сарапшының айтуынша, Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстанның жетістіктері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,сондай-ақ заң үстемдігімен бекітілген. «Құқық пен бостандықты қамтамасыз ету - күрделі міндет, алайда осының шешімі Қазақстан Республикасын дамудың жаңаша кезеңіне өтуге, халықаралық қоғам жағынан сенім алуға, түбегейлі жаңа адамның бағытталған өмір стандарттары мен елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді»,-деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика