Басқару

ОСК ШҚО мен Қарағанды облысы әйелдерінің саяси белсенділігін атап өтті

Жергілікті өкілдік органдарындағы әйелдердің саяси белсенділігін атап өтетін болсақ, ең белсенді қатысқан әйелдер ШҚО Зырян ауданы мен Қарағанды облысының Абай ауданында тіркеліп отыр, деді ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов айтып өтті.
Астана қаласы19 Ақпан , 17:04

«Жергілікті өкілдік органдарындағы әйелдердің саяси белсенділігін атап өтетін болсақ, ең белсенді қатысқан әйелдер ШҚО Зырян ауданы мен Қарағанды облысының Абай ауданында тіркеліп отыр. Аймақта үміткерлердің 60 пайызы әйелдер болып отыр», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

«Кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға дейін созылады, ал 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Брифинг соңында Ортсайлауком Басшысы сайлау процесіне қатысушылар тарапынан, сондай-ақ байқаушылар, оның ішінде шетелдік байқаушылар тарапынан  алдағы сайлауға жоғары қызығушылықты атап өтті.

Бүгінгі күнге Ортсайлауком еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 22 елден 52 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Шетелдік сарапшылардан басқа, алдағы сайлауды тәуелсіз байқауды отандық ҮЕҰ-лар да жүргізеді. Осы процеске қатысуға «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия және «Заңгерлер – әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі ниет білдірді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика