Басқару

Қ.Тұрғанқұлов: Астана мен Алматы мәслихатының 1 орнына 4-5 адам үміткер бола алады

Астана мен Алматы мәслихаттығының 1 орнына 4-5 адам үміткер бола алады, деді ОСК-да Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Астана қаласы19 Ақпан , 16:39

“Мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 19 ақпанда аяқталады.19 ақпандағы таңғы сағ. 9.00-дегі жағдай бойынша жалпы республика бойынша 11 133 кандидат ұсынылды. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутат мандатына 3-тен астам үміткерді құрады.Ұсынылған кандидаттардың 68,6 %-ы өзін-өзі ұсынғандар, ал қалған 31,4 %-ын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды”, - деді Қ.Тұрғанқұлов.

1 617 адам облыстық мәслихаттарға, 126-сы астана мәслихатына, 165-і Алматы мәслихатына дауысқа түсуде. Аудандық мәслихатттарға - 7 085 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2 140 кандидат ұсынылды.

“Кандидаттардың 75,1 %-ның жоғары білімі бар. Көпшілігі - мұғалімдер, инженерлер мен экономистер.Кандидаттардың орташа жасы – 43,6 жас. Соның ішінде жасы жағынан ең үлкен кандидат 89 жаста”, - деді ол.

Кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға дейін созылады, ал 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады.Брифинг соңында Ортсайлауком Басшысы сайлау процесіне қатысушылар тарапынан, сондай-ақ байқаушылар, оның ішінде шетелдік байқаушылар тарапынан  алдағы сайлауға жоғары қызығушылықты атап өтті.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика