Басқару

ОСК: 20 ақпаннан бастап Мәжіліске ҚХА атынан үміткерлерді ұсыну басталады

20 ақпаннан бастап Мәжіліске ҚХА атынан үміткерлерді ұсыну басталады, деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ОСК-да өткен кеңесте.
Астана қаласы19 Ақпан , 16:12

“Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысты, Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 20 ақпанда басталып, 29 ақпанда аяқталады”, - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын шақыру туралы" Өкімге қол қойды.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика