Басқару

ҚР ОСК саяси партияларға телевизиялық пікірталас ұйымдастыруға дайын

ҚР ОСК заңнамасына сәйкес саяси пікірталас ұйымдастыра аламыз. Ол үшін сайлауға қатысатын саяси партиялар бұл шарада қатыса алтындықтарын білдіру керек, деп ҚО Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Қуандық Тұрғанқұлов Ортсайлаукомның брифингі барысында айтып өтті.
Астана қаласы19 Ақпан , 16:07

«ҚР ОСК заңнамасына сәйкес саяси пікірталас ұйымдастыра аламыз. Ол үшін сайлауға қатысатын  саяси партиялар бұл шарада қатыса алтындықтарын білдіру керек»,-деді Қ. Тұрғанқұлов.

Сонымен қатар, сайлау туралы заңда телевизиялық пікірталас- саяси партиялардың міндеті емес, бұл олардың тілектеріне байланысты екендігі айтылған.

«Егер екі партия пікірталасқа қатысуға келіскен жағдайда біз оны ұйымсдастыруға міндеттіміз.  Бұл құқық, бірақ міндет емес»,-деді ҚР ОСК басшысы.

Естерінізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 наурыз айында ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауы өтеді. Ү.ж. 20 ақпанынан бастап саяси партиялардың сайлау алды үгіт жұмысы басталып, 18 наурызда сағат 24.00-де аяқталады. 19 наурыз – тыныштық күні.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика