Басқару

Елбасының Жарлығымен 21 наурызда ҚХА-ның кезектен тыс сессиясы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын шақыру туралы" Өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы19 Ақпан , 16:03

«Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2016 жылғы 21 наурыз күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында шақырылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын», - делінген Өкімде.

 




Яндекс.Метрика