Басқару

Қ.Тұрғанқұлов: Сайлау қорына 6 саяси партиядан 500 млн теңгеден нан астам қаржы түсті

Сайлау қорына 6 саяси партиядан 500 млн теңгеден нан астам қаржы түсті, деді ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Астана қаласы19 Ақпан , 15:51

“Кандидаттардың  бұқаралық ақпарат құралдарына шығуымен, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізумен байланысты шығындары, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстары тек сайлау қорларының қаражатынан төленуі тиіс”, - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Ортсайлауком деректері бойынша бүгінгі күні сайлауға қатысушы алты саяси партияның сайлау қорларына 519 миллион 132 мың теңге түсті.

Үгіт науқаны кезеңіндегі БАҚ қызметі туралы айта отырып, Қ. Тұрғанқұлов әрбір азаматтың өзінің сайлау құқығын саналы және салмақты іске асыру мүмкіндігі болуы маңызды екенін атап өтті. Сондықтан БАҚ кандидаттар мен партиялардың сайлау науқанын объективті, толық және шынайы жария етуін жүзеге асыруға міндетті».

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысты, Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 20 ақпанда басталып, 29 ақпанда аяқталады.

Ботагөз Айтжанов




Яндекс.Метрика