Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Чарск кәсіпкерлері «Мәңгілік Ел» пойызының қатысушыларымен заңдастыру туралы кеңесті (ФОТО)

«Мәңгіліе Ел» пойызы Шығыс Қазақстан облысы бойынша саяхатын жалғастыруда және бүгін ШҚО Жәрмінск ауданының Чарск қаласына келді. Министрлік өкілдері мен заңгерлер – патриоттық акцияның қатысушылары жергілікті тұрғындарды түрлі сұрақтар бойынша кеңестендірді, соның ішінде көп талқыланған сұрақ мемлекеттік сатып алу мәселелерін заңдастыру болды.
Шығыс Қазақстан 19 Ақпан, 16:21

«Біз жекешелендіру, заңдастыру және мемлекеттік сатып алу туралы жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерімен оқыту кеңес өткіздік. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР жаңа Заңнамасы аясында көптеген сұрақтар туындады. Бізге мемлекеттік сатып алу мен мүлікті заңдастыру бойынша  жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер хабарласады. ҚР қаржы министрлігінің өкілдері барлық сұрақтарға толық жауап берді»,-ҚР ҚМ Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бастығының орынбасарыАлима Мұханова айтып өтті.

Оның айтуынша, өтініштер көп түсіп жатады, барлық елді мекендерде алаңдатушылық мәселелер көтеріледі, кеңестер өткізіледі, мәселелер шешілуде. «Мәңгілік Ел» поезының белсенді жұмысы Қазақстанның жалпы халқының сауаттылықғына ықпал етеді.

«Мемлекеттік акт болмаған кездері жылжымалы және жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша өтініштер болды. Жылжымалы мүлік бойынша егер қандай да бір техникалық төлқұжат болса, өз кезегінде жекешелендіріліп, құжаттарын рәсімдемеген жағдайда жол полициясының бөліміне баруға болады. Ал, жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік актісіз жерді заңдастыру мүмкін емес»,- деді ҚР Қаржы министрінің өкілі.

Жалпы Чарск қаласында «Мәңгілік Ел» поезының қытысушыларын жылы қарсы алды, Петр Карелин атындағы орта мектепте түрлі мәселелер бойынша сараптамалық кеңеске арналған арнайы бөлмелер жасалды, ал қалалық ауруханада дәрігерлер қалалықтарға арнайы медициналық көмек көрсетті.





Яндекс.Метрика