Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Маңғыстау облысында жергілікті полицейлер психологиялық тәжірибеге дағдылануды оқып жатыр (ФОТО)

Маңғыстау облысында «Құқық қорғау органы қызметкерлерінің тиімділігін артыру» мақсатында жергілікті полицияларды оқыту бағдарламасы басталды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Маңғыстау 19 Ақпан, 19:01

Жобаның бірінші кезеңінде жергілікті полиция құрамының 200 қызметкері қамтылмақ. Полиция қызметкерлерімен қазақстандық тәжірибелі психологтар, жанжалтанушылар және әлеуметтік коммуникация салаларының срапшылары жұмыс істейтін болады. 

«7 айға жуық уақыт білімдерін жетілдіретін қызметкерлер түрлі қиындықтар туындаған жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, сабырлылықты, халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар, идеологиялық  тұрғыда халықпен жұмыс жүргізе алу қабілеттерін арттыратын болады», делінген хабарламада.

«Ұлт жоспарында полиция қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру мен халықтың өздеріне деген сенімін арттыру мәселесі анық белгіленген. Тұлғалық сапаларыңның артуы мен кәсіби дағдыларың сіздердің жұмыстарыңыздың ашықтығын көрсететін алғашқы баспалдақ. Бүгін сіздер біріңғай кешендік Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлерін оқыту бағдарламасының құрамдық бөлігін бастайсыздар. Алған білімдеріңіз полиция қызметінің имиджін көтеретініне сенімдімін», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов.

Әкімдіктің атап өтуінше, курс тыңдаушылары берілген ақпаратты толық қабылдап, тәжірибе жүзінде іске асырулары үшін оларды оқыту айына бір рет жүргізіледі. 





Яндекс.Метрика