Өңірлер

А. Орсариев: Қазақстанға үнемі өзгеріп жатқан әлем жағдайында жаңа идеялар мен ұсыныстар қажет

Қазақстанға үнемі өзгеріп жатқан әлем жағдайында жаңа идеялар мен ұсыныстар қажет, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Орсариев.
Павлодар19 Ақпан , 15:18

«Бүгін уақыттың  тренді жаңаруда. Бұл тек технологияның жаңаруы ғана емес, ведомстволардың кадрлық құрамының жаңаруы. Биліктің заңнамалық саласы да ескерілмей қалмады. Бұлүнемі өзгеріп жатқан әлемде өте дұпыс қадам», - деді ол.

Елбасының баяндамасын  айтатын болсақ, ректор атап өткендей, партиялар бағдарламаларында көрсетілген бағыттар, Н.Назарбаевтың барлық оқиғаны қаперінде ұстап отырғандығын көрсетеді.

«Мен ректор ретінде ғылымға құйылатын инвестицияның жалғасқанын қалаймын. Ал инновация Қазақстандағы білімді дамытуыдың негізгі бағыты болып қалады.  Президент атап өткендей, «егер біз қозғалып бара жатқан пойызға үлгермесек, оған ешқашан жетпеу қауіпіне душар боламыз». Жалпы, партия мемлекеттік саясаттың қалыптасуы жоғары білім мен ғылым, білімнің дамуына бағытталады», - деді ол.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 20 наурызда Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу шешімін қабылдады.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика