Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Р. Серікова: Еліміздің экономикасын тұрақтандыру үшін Ұлт жоспарын жүзеге асыру керек

Еліміздің экономикасының тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсаруда Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» ұсынылған бес институционалды реформаны іске асыру керек. Бұл жөнінде Ақтөбе облысының «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мүшесі Радина Серікова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы19 Ақпан , 14:47

«Партияның сайлауалды бағдарламасында нақты айқындалған жол, барлық қиындықтарды артқа қалдырып, жаңа кезеңге бет алатын шаралар әзірленген. «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезінде Елбасы үлкен сайлауалды бағдарламасымен сөз сөйледі. Ол бағдарламада Президен нақты тапсырмалар мен бағыттарды айтты. Еліміздің экономикасының тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» ұсынлған бес институционалды реформаны іске асыру аясында болады»,-деді ол.

Сарапшының айтуы бойынша, аталмыш тапсырмаларды ойдағыдай орындау үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, үкіметтерден бастап ауылдықтардың, барлық партия жүйелерінің келісілген жұмысы қажет. Бұл өмірдің барлық өзгерістеріне жауап болады және барлық нұроатандықтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Ұлт жоспарының сайлауалды бағдарламасын ойдағыдай іске асырылуы ҚР 30 дамыған елдерінің қатарына кіруге септігін тигізеді»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

 




Яндекс.Метрика