Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Астанада кеден заңнамаларына енген өзгерістер талқыланды (ФОТО)

Астана қаласының мемлекеттік кірістер Департаменті Елорданың салық төлеушілеріне салық және кеден заңнамаларындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында кеңейтілген семинар өткізді.
Астана қаласы 19 Ақпан, 16:37

Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, салық және кеден заңнамаларындағы маңызды түзетулер 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ салық салу мен кедендік әкімшілендіру жүйелерін жетілдіру, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай туғызу үшін енгізілген.

Семинар Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасымен бірге, қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өткізілді.

Семинар төрағасы-Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары А.Иманғожиннің айтуынша, әр жылдың басында салық төлеушілер мен сыртқы экономика қатысушыларына арналған семинарды өткізу дәстүрге айналған.

Ол Департаменттің 2015жылғы жұмыс қорытындыларымен таныстырды: «Мемлекеттік кірістер Комитеті мен Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің кіріс бойынша мемлекеттік бюджет Жоспары 115%-ға орындалды. Жоспар бойынша 666,9 млрд теңге түсім күтілген, ал іс жүзінде 768,9 млрд теңге түсім түсті. 2014 жылмен салыстырғанда 62,7 млрд теңгеге немесе 9%-ға артық түсім әкелінді.

Сонымен қатар, А.Иманғожин Департаменттің қазіргі жұмыстарымен таныстырды. Ол жұмыстар Департаменттің атқарып жатқан жұмыстар электронды сервистер аясын кеңейту, дербес шоттарды жүргізуде бизнес процесстерді жеңілдету, онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолдану тәртібімен байланысты. «Бұл іс-шаралар мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға бағытталған»,– дейді А.Иманғожин.

Салық төлеушілердің өткен жылғы семинардан кейінгі ескертулері ескеріліп, баяндамашылар заңнамадағы жаңашылдықтарды өз сөздерімен түсінікті етіп түсіндіруге тырысты.

Семинарда мүлік пен капиталды заңдастыру сұрақтары, ДСҰ мүшелік еткеннен кейінгі салық салу, электронды шот-фактураларды енгізу, лицензия алымына қатысты сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, оңалту және банктротқа ұшырау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Жаңа жылдан бастап Кәсіпкерлік кодекс күшіне енді. Жаңа кодекс пен кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Ғ.Тасмағамбетов айтты.

Семинар барысында қатысушылардың барлық сұрағына жауаптар берілді. Семинар қатысушыларының пікірінше, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен ақпарат алмасудың ең басты тәсілі – осындай кездесулерді жиі өткізу.





Дерекнама

Яндекс.Метрика