Адамзаттық капитал

Ақтөбе облысында жастар саясаты саласында 46 жоба жүзеге асырылды

Облыстағы жастардың саны 228,7 мың адам, бұл тұрғындардың 27,4% олардың ішінде қалалық жастар – 142,2 мың адам, ауылда – 86,4 мың адам құрайды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе20 Ақпан , 11:03

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 138,9 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шегінде 46 әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылды.  

«Жасыл ел» жобасын жүзеге асыру үшін 138,4 млн.теңге бөлінді. Жазғы еңбек кезеңі уақытында 2639 студент, ауылдық және жұмыссыз жастар мен Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері  еңбек етті.

Облыста 14 жастардың ресурстық орталықтары (ЖРО)  қызмет етеді. Олардың  қызметімен 41 мың адам қамтылған.

2015 жылдың қорытындысы бойынша басқармамен және облыстық ЖРО, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 102 мың жастардың қатысуымен 793 әртүрлі іс шаралар өткізді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика